Аязға байланысты Астана мен Павлодарда сабақ болмайды
Опубликовано:
Қатты аязға байланысты Астана мен Павлодар қалаларының барлық мектептерінде сабақ тоқтатылды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
![Көрнекі фото: altaynews.kz Көрнекі фото: altaynews.kz](https://cdn.nur.kz/images/1120/4cfcec7f73b09092.jpeg)
Астана қаласы білім беру басқармасының хабарлауынша, сабақ тек бастауыш сынып оқушыларына болмайды. Елорданың 1-4 сынып оқушылары бүгін үйлерінде қалады.
Павлодарда ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендеген.
Сол себепті 1-9 сынып оқушыларына сабақ өткізілмейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776234-aazga-bajlanysty-astana-men-pavlodarda-sabak-bolmajdy/