Атырауда өзендегі мұз үстінде көлігімен зулаған жүргізуші ұсталды
Опубликовано:
Атырау қаласында Жайық өзеніндегі мұзда көлігімен сырғанаған жүргізуші ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
![фото: Instagram/atyraudan фото: Instagram/atyraudan](https://cdn.nur.kz/images/1120/298481d6d0327714.jpeg)
Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталған жүргізуші 22 жаста.
"Мерседестің" 22 жастағы жүргізушісіне Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 590 бабы 2 тармағы бойынша мемлекеттік нөмірсіз көлікті басқарғаны үшін және 320 бабы 1 тармағына байланысты, жол жүру ережесін бұзғаны үшін 2 хаттама толтырылды", - деді полиция департаменті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776370-atyrauda-zendegi-mz-stinde-kligimen-zulagan-zrgizusi-staldy/