Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында жеті көлік соқтығуымен жантүршіктірер жол апаты болды (видео)

Опубликовано:

Жамбыл облысы Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолында жантүршіктірер жол-көлік оқиғасы орын алды. Тұман салдарыннан жеті көлік соқтығысты деп жазады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеодан скриншот
Фото:Видеодан скриншот: Twitter

Бірінші ақпан күні сағат 17:10 Батыс-Еуропа-Батыс Қытай тас жолының 552 шақырымында жеті көлік қатысуымен жаппай жол апаты орын алды.

Көліктер бір бағытта кетіп бара жатқан. Апат нәтижесінде үш адам жарақат алып, бір адам Жуалы ауданының орталық ауруханасына ауруханаға жеткізілді. Екі адам Тараз қаласының №1 ауруханасына жөнелтілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік апатының орны алуына қалың тұман мен жүргізушілердің жол жүру ережесін бұзуы себеп болған.

Жеті көлік де айыппұл тұрағына жеткізілді. Сараптама тағайындалып, тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776444-zambyl-oblysynda-zeti-klik-soktyguymen-zantrsiktirer-zol-apaty-boldy-video/

pixel