Қазақстандықтар наурыз айында неше күн демалады?
Опубликовано:
Қазақстандықтар 2019 жылдың наурыз айында 14 күн демалады. Бұл туралы элоктронды үкімет сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
![Көрнекі фото: Первенец Көрнекі фото: Первенец](https://cdn.nur.kz/images/1120/e8f9e9ff60262c04.jpeg)
Еліміздің тұрғындары наурыз айында 2 мерекені атап өтеді. 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні бұл жылы жұма күніне түсіп отыр. Сол себепті қазақстандықтар тағы 2 күн сенбі мен жексенбіде демалады.
Ал келесі үлкен демалыс Наурыз мерекесіне тұспа-тұс келеді. Бұл мейрамда қазақстандықтар қатарынан 5 күн демалатын болады.
23 наурыз сенбіге түскендіктен, дүйсенбі 25 наурыз күні де демалыс болып есептеледі.
![Фото: egov.kz Фото: egov.kz](https://cdn.nur.kz/images/1120/bb82ed5a4f95a00e.jpeg)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776666-kazakstandyktar-nauryz-ajynda-nese-kn-demalady/