Астана түк көрінбейтін қарлы боранның астында қалды (фото)
Опубликовано:
Астанада түс ауа жел күшейіп, қала қарлы боранның құрсауында қалды. Салдарынан көшелерде кептеліс пайда болып, оқушыларға сабақ тоқтатылды деп жазады NUR.KZ.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/8b8da7dc3280670c.jpeg)
Қарлы боран жарты күннен бері астаналықтарды әбден әуреге салуда.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/e3a584570a7b4585.jpeg)
Көшеде көлік қозғалысы қиындап, коммуналдық қызмет мамандары қала ішін қалың қардан тазалап үлгермей жатыр.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/faf07996f8a49a16.jpeg)
Түк көрінбейтін бораннан қаладағы бағдаршамдарды әрең көруге болады.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/0adfe96944df1cde.jpeg)
Айта кетерлігі, синоптиктер кешелі бері елордалықтарды күшті жел әрі қалың қар жауады деп ескертіп жатыр. Енді алдағы күн ауа температурасы -35 градусқа дейін төмендеп, саршұнақ аяз болады деп күтілуде. Сондай-ақ, ертең бірінші және екінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/557fd383e0b939c2_b.jpeg)
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/abb613c83ac6eb51_w.jpeg)
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/d71a36d18049263f_b.jpeg)
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/abbab84ae2cb0443_w.jpeg)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776980-astana-tk-krinbejtin-karly-boranny-astynda-kaldy-foto/