Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лимон сатып байыған 24 жастағы шымкенттік бизнесмен жайлы не білеміз?

Опубликовано:

Жасы 24-ке енді келген шымкенттік Бекжан Нәлібаев бұрын мемлекеттік қызметте болған. "Үкіметтің" жұмысынан бас тартып, кәсіп ашқан ол бизнеске бет бұрғаныма еш өкінбеймін дейді. Жас бизнесменмен NUR.KZ тілшісі тілдесіп қайтты.

Фото Бекжан Нәлібаевтың жеке мұрағатынан алынды
Фото Бекжан Нәлібаевтың жеке мұрағатынан алынды: Facebook

Түркістан облысы Арыс қаласының тумасы бүгінде Астана және Алматы қалаларында кәсіп ашқан. Алғашында қос қалада жеміс-жидек сатқан Бекжан Нәлібаев қазіргі таңда құрылыс саласымен де айналысып жүр.

"Өзім жан-жақты болғым келді. Сөйтіп мемлекеттік қызметте де, Астана қаласындағы сотта да, тіпті "Нұр Отан" партиясында да жұмыс істеп көрдім. Алайда өзімді бизнесте сынап көргім келді.

Сөйтіп Алматы мен Астанада жеміс-жидек әкеліп саттық. Шымкентте лимон өсіруді қолға алдық.

Фото Бекжан Нәлібаевтың жеке мұрағатынан алынды
Фото Бекжан Нәлібаевтың жеке мұрағатынан алынды: Facebook
Оны да қос қалаға әкеліп саттық. Қазір енді Алматыда құрылыс саласында жүрмін. Алдағы уақытта жылыжай кешенінің құрылысын бастаймыз ба деп жоспарлап отырмыз. Осы мақсатымызға жету үшін, қазір инвесторлармен жұмыс істеп жатырмыз.
Болашақта Арыс өзенінің бойындағы 50 гектар жерде жылыжай салып, көкөніс, жеміс-жидек өсірмекпіз. Оны тиімді бағада Астана, Алматыда сататын боламыз. Сонымен бірге мал шаруашылығын қолға алу жайлы жоспарым бар", - дейді Бекжан.

Бір қызығы жас кәсіпкердің жасы небары 24-те. Сондай-ақ ол Астанада 40-қа жуық отбасыға көмектесіп, қайырымдылық шараларын ұйымдастырып тұратын көрінеді.

"Қазір жастарға барлық жағдай жасалған, тек жатпай-тұрмай еңбек ету керек. Сонда үлкен жетістіктерге жетуге болады. "Ал мемлекеттік қызметтен неге кеттіңіз?" деген сұрағыңызға ол жақтан үлкен тәжірибе жинап, біржола кәсіпкерлікпен айналысуды жөн көрдім деп жауап берер едім", - дейді бизнесмен.
Фото Бекжан Нәлібаевтың жеке мұрағатынан алынды
Фото Бекжан Нәлібаевтың жеке мұрағатынан алынды: Facebook

Әңгіме барысында жас кәсіпкер шымкенттіктердің неліктен пысық болатыны жайлы да айтып өтті.

"Шымкенттіктер өте пысық болады дегенге келісемін. Олар еліміздің барлық қалаларында аянбай еңбек етіп жатыр. Мемлекеттік қызметте де, бизнесте де өз-өздерін көрсетіп, еңбек етіп жатыр. Мұнда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын", - деп әңгімесін аяқтады Бекжан Нәлібаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777001-limon-satyp-bajygan-24-zastagy-symkenttik-biznesmen-zajly-ne-bilemiz/

pixel