Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 16 млн теңгенің қойын сатып жіберген малшы құрықталды

Опубликовано:

Түркістан облысында біреудің 16 млн теңге тұратын бір отар қойын сатып жіберген қойшы құрықталды деп жазады Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Түркістан облысында бақташы 16 млн тұратын бір отар қойды сатып жіберген
Көрнекі фото: stav.kp.ru: Facebook

Ағымдағы жылдың басында Шардара аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын жұмысқа алған малшы мүлігін заңсыз талан-таражға салғанына шағым түсірді.

Тергеу барысында жәбірленуші малшыға 360 қойды табыстап, оны өсіріп, көбейтуді тапсырғаны белгілі болды.

Алайда үш жылдың ішінде күдікті иелігіне тапсырылған малды сатып жіберген.

Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 16 миллион теңгені құраған.

Қазір "Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкіне қол сұғы және талан-таражға салу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777076-trkistan-oblysynda-16-mln-tegeni-kojyn-satyp-zibergen-malsy-kryktaldy/

pixel