Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыдағы ірі жол апатында екі жүргізуші көлікте қысылып қалған (фото, видео)

Опубликовано:

Қарағанды облысы Абай ауданы Южный ауылы мен Құлайғыр ауылының ортасында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Ең сұмдығы, көліктерінде қысылып қалған екі жүргізуші құтқарушылардың көмегімен шығарылған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: Facebook

Оқиға орнын түсірген куәгерлер бейнежазбаны Instagram әлеуметтік желісіне жүктеген. Кадрда сау-тамтығы қалмаған көліктер мен оларға көмектеспек болған адамдар бар.

"Mercedes көлігінің жүргізушісі аяғын сындырып, көлікке қысылып қалған. Ал екінші көліктің тізгінін ұстаған азамат мотор мен орындықтың арасында қысылған. Көліктер қатты зардап шекті.
Жүргізушілерге қарау мүмкін боламады. Оларға бәрі көмектескенімен, шығару қиын болды. Көмектескен адамдарға қатты риза болдым. Жүргізушілерді шығаруға жол-патрульдік полиция қызметкерлері Асхат Самалықов пен Нариман Құлжанов, сондай-ақ, жергілікті мешіттің имамы Рүстем Нілдібек атсалысты.
Барлығын атап өткім келеді. Себебі, Топар кентінен келген медицина қызметкерлері мен Абайдан келген құтқарушылар жәбірленушілерге көмек көрсетуге тырысты. Барлығына алғыс айтамын. Барлық автокөлік жүргізушілерінен сақ болуды сұраймын. Сіздерді үйлеріңізде жанұяларыңыз күтіп отыр ғой", -деді жол апаты куәгерлерінің бірі.

Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде "Қызылорда- Павлодар" жолында көлік апаты орын алғанын растады. Ведомствода жүргізушілердің жасы 55 және 24-те болғанын айтты.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777158-karagandydagy-iri-zol-apatynda-eki-zrgizusi-klikte-kysylyp-kalgan-foto-video/

pixel