Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада аяздан тонған адамдарға қайырымды жандар тегін шай таратты

Опубликовано:

Астаналықтар аяздан тоңған қала тұрғындарына тегін ыстық шай таратып, көптің ықыласына бөленуде. Жомарт жандар аялдамада көлік күтіп тұрған адамдарға қол ұшын беріпті. Елорда тұрғындары қайырымды жандарға алғыстарын жаудырып жатыр деп жазады NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

NUR.KZ редакциясына оқырман жолдаған суреттен қайырымды жандар аялдама жанында тоңып тұрған адамдарға шай құйып жатқанын көруге болады.

Хат авторы мейірімді жандарға өз алғысын айтады.

"Жомарт жандар ыстық шай таратты, тегін. Осындай адамдарды көріп, жаның сүйсінеді, сіздерге рахмет! Астаналықтар қатты аязда бір-бірімізге көмек қолын созайықшы" ,- деп хабарлама жазған ол.

Айта кетейік, кешелі бері Астанада ауа температурасы күрт төмендеп, сынап бағанасы күндіз "-37" градусты көрсетіп тұр.

Синопниктер аяз тек апта соңында ғана қайтады деген болжам жасап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777231-astanada-aazdan-tongan-adamdarga-kajyrymdy-zandar-tegin-saj-taratty/

pixel