Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бітпеген ғимараттың терезесінен секірген балалар тұрғындардың үрейін ұшырды

Опубликовано:

Орал қаласының төртінші ықшамауданында салынып жатқан құрылыс нысанның екінші қабатынан секірген балалар тұрғындарды шошытты. Бұл туралы "Мой город" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Салынып бітпеген құрылыс терезесінен секірген балалар оралдықтардың зәресін ұшырды (видео)
Фото:Видеодан скриншот: Facebook

Оқиға төртінші ақпан күні төртінші ықшам ауданда болған. Видеоны куәгерлер жіберген.

Видеодан 10-12 жас шамасындағы балалар ғимараттың екінші қабатынан қарға секіріп, ойнап жүргенін көруге болады.

Оралдық полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізуде.

"Полиция салынып жатқан құрылыс нысанының иесін анықтап жатыр. Аталмыш факті бойынша қажетті қауіпсіздік шаралары жүргізілді", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777521-bitpegen-gimaratty-terezesinen-sekirgen-balalar-trgyndardy-rejin-syrdy/