Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халыққа есеп беру кезінде өтірік айтқан Ордабасы ауданының әкімі ұятқа қалды

Опубликовано:

Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ғалымжан Үсенбаев есеп беру жиналысында ұятқа қалды. Нақтырақ айтқанда, жиын барысында оқылған баяндамада несие алған азамат туралы мәлімет көрсетіліпті. Ал есеп тыңдауға келген азаматтардың бірі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізген деп хабарлайды Rgmedia.kz сайты.

Фото: Rgmedia.kz
Фото: Rgmedia.kz: Facebook

Ордабасы ауданы Бөржар ауылдық округінің орталығы Ұялыжар ауылында өткен есеп беру жиынында тұрғындардың бірі баяндамада келтірілген мәліметтің өтірік екенін әшкереледі.

"Жаңа сіздер баяндамада Айтбаев Бағдат деген азамат үш млн теңге несие алды деп айттыңыздар. Алайда, Айтбаев Бағдат несиені әлі алған жоқ. Үш жыл болды сандалып жүргенімізге, құжат рәсімдеудің өзіне 50 мың теңге кетті, - деді Бағдаттың бауыры Талғат Айтбаев.

Слайдтан Айтбаев Бағдат есімді азаматтың үш миллион теңге алғаны туралы жазу асыл тұқымды бұқашықтардың үлкен қорада шөп жеп тұрған суретімен берілген екен. Бірақ бұл мәліметті кім жариялағаны белгісіз күйінде қалыпты.

Аудан әкімінің міндетін атқарушысы мұндай ақпарат айтпағанын алға тартты.

Оған қоса, жұрт өңірде құрылысы басталған зауыт туралы да талқылаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777575-halykka-esep-beru-kezinde-tirik-ajtkan-ordabasy-audanyny-kimi-atka-kaldy/

pixel