RU

Өскеменде оқушыларды алдап, телефон ұрлайтын азамат сотталып тынды

Өскеменде көшедегі оқушылардың телефонын алып қаша жөнелетін қала тұрғынына сот үкімі шықты деп хабарлайды Алтайньюс.

Көрнекі фото: alupka24.ru
Көрнекі фото: alupka24.ru: Depositphotos

Басылымның мәліметінше, ер адам әуелі телефон ұстап келе жатқан оқушыларға келіп, қоңырау шалуға өтініш білдіреді.

Кейін әлдебіреуге қоңырау шалып, әңгімелескен адамның кейпін жасап тұрып, көпқабатты үйлердің арасына бой тасалайды екен.

Күдікті азамат бір жолы өзін полиция қызметкері ретінде таныстырыпты.

Зардап шегушілердің шығыны 40 000-нан 129 000-ға дейін жеткен.

Сот шешімімен Өскемен тұрғыны айыпты деп танылып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777580-skemende-okusylardy-aldap-telefon-rlajtyn-azamat-sottalyp-tyndy/