Қостанайда жоғалып кеткен жігіттің анасы көпшілікке видео-үндеу жолдады
Опубликовано:
20 қаңтар күні жоғалып кеткен қостанайлық Елдос Дүйсеновтің анасы видео-үндеу жолдады. Әйел көпшіліктен көмек сұраған деп жазады облыстық полицияға сілтеме жасаған NUR.KZ.
![Елдос Дүйсенов пен анасы. Фото: Видеодан кадр, kstnews.kz Елдос Дүйсенов пен анасы. Фото: Видеодан кадр, kstnews.kz](https://cdn.nur.kz/images/1120/e54eb9bcd91118dc.jpeg)
Видеода Елдостың анасы 20 қаңтар күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған ұлының хабарласуын сұрады.
Әйел видео арқылы өзінің жұмысқа шықпағанын, кішкентай қарындасының сабаққа бармай күтіп отырғанын айтқан.
Сондай-ақ амалы қалмаған ана баласына бір жағдай болса, көмектесуге дайын екенін де жеткізді.
Айта кетейік, Елдос Дүйсенов өзінің 22 жастағы құрбысымен бірге жоғалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777724-kostanajda-zogalyp-ketken-zigitti-anasy-kpsilikke-video-ndeu-zoldady/