Ақтау көшелеріндегі ерекше тақтайшалар тұрғындарды таңғалдырған
Опубликовано:
Ақтау көшелерінде қаланың тазалығын сақтау мен қоршаған ортаны қорғауға шақыратын ерекше тақтайшалар тұрғындарды таңғалдырған деп жазады inAktau-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әкімдіктің хабарлауынша, креативті жазуы бар тақтайшаларды "Қала жолдары" компаниясы қызметкерлері орнатқан.
Қала билігі осы арқылы жергілікті тұрғындарды тазалықты сақтау мен қоршаған ортаны қорғауға, көше тазалаушы қызметкерлердің еңбегін бағалауға шақырғысы келген.

Ерекше тақтайшалар адамдар көп жүретін орындар саябақ пен өзен жағасында қойылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777783-aktau-kselerindegi-erekse-taktajsalar-trgyndardy-tagaldyrgan/