Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында суға түсіп кеткен баланы ұстаздар өлімнен арашалады

Опубликовано:

Түркістан облысы Жетісай ауданында суға кеткен бірінші сынып оқушысын мектеп мұғалімдері құтқарып қалды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

ввввв
Көрнекі фото: fb.ru: Twitter

"Алғашқы әскери дайындық" пәні мұғалімдерінің аудандық семинарынан қайтып келе жатқан төрт ұстаз канал жағасында жанұшыра жүгіріп жүрген балаларды байқайды.

Бірінші сынып оқушысының суға түсіп кеткенін естіген олар каналдан баланы іздеп әуре-сарсаңға түседі. Су бетінде ештеңе көрінбейді.

Канал суының иірім жасап, құбырға енетін тұсынан балақайдың су бетінде қалқыған киімін көздері шалады. Мұғалімдер иірімді қолдарымен сүзгілеп құбырдың ішіне ағыспен жұтылып бара жақан баланы аман алып қалады.

Ұзындығы он метрлік құбырға су тартып кеткенде алты жасар Қажымұқанды құтқару мүмкін болмас еді.

Аман қалған балаға алғашқы көмек көрсеткен мұғалімдер баланы сырт киімдеріне орап үйіне аман-есен тапсырады.

№25 жалпы орта мектептің 1 «Ә» сынып оқушысы Әжіқұл Қажымұқан Оразалыұлын құтқарып қалғандар №25  жалпы орта мектептің мұғалімдері Арман Айсариев пен Ислам Атакуллаев, І.Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебінен Мақсат Үкібаев, С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Есбол Құлбатыров.

Қыстың көзі ұырауда суға кеткен немересін құтқарып алған ұстаздарды Құттықыз әжей үйіне шақырып, төріне шығарып, алғысын жаудыра ақ батасын берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777821-trkistan-oblysynda-suga-tsip-ketken-balany-stazdar-limnen-arasalady/

pixel