Қызылордада қазақ қызына қойылған ұсқынсыз мүсін қызу талқыға түсті (фото)
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде Қызылорда көшелерінің біріне қойылған қазақ қызының ескерткіші таралып кетті. Бойжеткеннен гөрі ер адамға көбірек ұқсайтын ескерткішті желі қолданушылары қызу талқыға салған деп жазады NUR.KZ.
Суретті Өмірзақ Ақжігіт есімді Facebook қолданушысы өз парақшасына жүктеді.
"Қазақ қызын қорлаудың қызлордалық үлгісі. Мына ескерткіш рас болса, Қызылордада тұр екен. Қазақ қызын бұдан артық қорлау, бұдан артық мазақ ету мүмкін емес шығар. Қызылордалықтар, жасатқан әкімдер Нәлібаев пен Көшербаевтың бірі шығар. Ал жасаған авторлары кім? Ортаға салыңыздаршы, ондай керемет "мүсіншілерді" де біле жүрейік", - дейді жазба авторы.
Ал желі қолданушылары бұл ескерткіштің расымен Қызылордада тұрғанын растады. Пікір қалдырушылар арасында оның қайда орналастырылғанына дейін нақты айтып бергендер табылған.
"Рас, бұл Қызылордадағы ескерткіш қой", "Кімнің жасағанын білмейміз", "Бірақ қыздан гөрі еркекке көбірек ұқсайды", "Салық бөлімшесі жақта орналасқан".
"Қызылордаға келсеңіздер мұнан да сорақы ескерткіштер көресіздер", "Масқара", "Мынаусы тіпті ерсі екен", "Біз желіге салғаннан кейін орнынан алып тастап еді. Басқа жерге апарып орналастырған болып тұр ғой".
"Мынаны қызықтауға емес, қарауға ұяласың ғой", "Көрген адам қазақ қызын ұсынсыз деп ойлайды ғой" деп желі қолданушылары жарыса пікір білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың жазында Қызылордадағы қалалық демалыс паркіне орналастырылған үрлемелі маймылдың бейнесі жұртты шошытқан болатын. Арада көп өтпей елдің ашуын тудырған маймылды саябақтан алып тастаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777936-kyzylordada-kazak-kyzyna-kojylgan-skynsyz-msin-kyzu-talkyga-tsti-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.