Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шолпан Елгезекованың анасы қызын өлтірген қылмыскерді кешірмейтінін айтты

Опубликовано:

Актриса Шолпан Елегезекованың анасы Алматыдағы үш адамның өліміне себеп болған жантүршігерлік апатқа қатысты айыпталған Ильяс Қарға ең ауыр жаза тағайындалуы тиіс деп есептейді. Бұл туралы бүгінгі өткен сот отырысына қатысқан NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

ааааа
Гулжахан Заманбекова. Фото NUR.KZ / Петр Карандашов: Original
"Мен баламды жаншып өлтірген адамды ешқашан кешірмеймін. Өйткені ол кешірімге лайық емес. Ол бір емес, үш адамды өлтірді.

Мен 40 күн бойы жылаумен келемін. Қазір де көз жасым тоқтар емес.

Маған оның ата-анасымен көрісуге ұлдарым қатаң тыйым салды. Олар менің жүрегім оған шыдамайды дейді. Мен оны сотта алғаш рет көріп қатты таңғалып отырмын.

Егер сіз көрген болсаңыз, мен қызымның фотосуреттерімен келдім. Мен мұны әдейі істедім.

Өйткені қызымды мақтан тұтамын. Және мен сотта басымды тік көтеріп отырдым", - дейді Гүлжахан Заманбекова.

Қайғыдан қан жұтқан ананың айтуынша, айыпталушы жігіттің туыстары көздерін төмен салып отырыпты.

"Өйткені олар адам өлтіруші қылмыскерді тəрбиелеген. Біз олардан қырық күн өтпей келмеуін сұрадық, бірақ бүгін межелеген уақыттан екі күн өтті, ешкім келмеді.

Туыстары менің ұлдарыма хабарласып, кездесу туралы айтқан.

Менің балаларым: «Сіз кездесуде не туралы сөйлескіңіз келеді?» - деп сұрағанда, олар айыпталып жатқан жігітті мақтай бастапты. Ол аздай, қаншалықты тәрбиелі екенін және тағы басқаларын айтқан.

Ұлдарым олармен кездескенде мұндай нәрселерді тыңдағысы келмейтінін айтты.

Егер ол соншалықты жақсы болса, ол мұны істемейтін еді, туыстары тіпті кешірім сұрамады да", - деді әйел.

Гүлжахан Заманбекова айыпталушы Ильяс Кардың туыстары актрисаның қабіріне келгенін айтты.

"Олардың қызымның қабіріне келгенін естідім, бірақ, қуанышқа орай, біз көрген жоқпыз.

Өздеріңіз білесіздер, жерлеу рәсіміне шамамен 400-500 адам келген, олар күдікті жігіттің туыстарын көрсе, жеп қоятын еді, сондықтан біз ештеңе айтпадық.

Оған ең ауыр жаза тағайындау керек. Тағы да қайталаймын, бір емес, үш адамды өлтірді", - деп аяқтады сөзін ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778261-solpan-elgezekovany-anasy-kyzyn-ltirgen-kylmyskerdi-kesirmejtinin-ajtty/

pixel