Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жетім балалар демеушілер берген ақшаны жаратып тастаған

Жарияланған күні:

Ақтөбелік ұстаздар жетім балалардың жағдайына алаңдап отыр. Колледжде оқитын 18 жасқа толған студенттердің дені есепшотына демеушілердің көмегімен жиналып жатқан қаржыны жұмсап жіберген деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: 24tv.ua
Көрнекі фото: 24tv.ua: Depositphotos

Балалардың болашағына алаңдаған Мұратбек Канбаевтың сөзінше, қазір балалардың есеп шотында ақша жоқ.

"Біздегі жетім балалардың есеп шотында ақша жоқ, бәрін жұмсап жіберген. 18 жасқа толғаннан кейін біз оларға тыйым сала алмаймыз.
18 жасқа дейін жиналған 200-300 мың теңге көлеміндегі қаржыларын шешіп алады. Қазірдің өзінде әрбір жетім баланың степендиясы мен тамағына ай-сайын 50 мың теңге түсіп тұр. Соны да үш күнде бітіріп тастайды. Қазіргі уақытта колледжде 18 жетім бала бар", - дейді Ақтөбе байланыс және электроника колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұратбек Канбаев.

Қаржыны демеушілер жетім балалар баспана алған кезде көмек болсын деп салған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778614-aktbede-zetim-balalar-demeusiler-bergen-aksany-zaratyp-tastagan/