Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде "Алтын алқа" таққан 7 баланың анасы қуанышқа бөленді

Опубликовано:

Ақтөбе облыстық күрес федерациясы 48 жастағы көпбалалы анаға газ плита сыйлады деп хабарлайды Aktobenews сайты.

Фото: aktobenews.kz
Фото: aktobenews.kz: Instagram

Үш жыл бұрын күйеуімен ажырасып кеткен Жанна Маханбетованың жеті баласы бар.

Олардың төртеуі азамат болып кетсе, қалған үшеуі әлі білім алып жүр. Соның ішінде 13 жастағы баласы күрес үйірмесінде тегін жаттығыды.​

"Спорт саласында жүрген балаларға көмектесуге әрқашан дайынбыз. Мұқтаж адамдардың үйлеріне барып, қандай көмек қажет екен сұрағанбыз.

Бұл бір реттік көмек емес. Алдағы уақытта да байланыста боламыз. Балаңыз Нұрислам ағалары сияқты чемпион болсын.

Облыстық спорт басқармасы мен күрес федерациясының атынан сізге газ плитаны сыйға тартамыз", — деді облыстық күрес федерациясының президенті Жеңіс Жартыбаев.

Бұл сыйлыққа алғысын білдірген 48 жастағы келіншек үйде газ құбыры кіргізілмегенін, жанұя әлі де газ баллонын пайдаланатынын айтты.

"Бұрын үйде үлкен газ плитасы мүлде болмаған еді. Көмек беріп жатқандарыңызға рақмет. Балаларыма демеу болып жатқаныңызға үлкен алғыс айтамын. Өзім жұмысқа шыға алмаймын. Газ құбырын да кіргізе алмай отырмын. Оны кіргізу үшін 1 миллион теңгеден астам ақша қажет", — деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778668-aktbede-altyn-alka-takkan-7-balany-anasy-kuanyska-blendi/

pixel