jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Ата-анасы қан құюға рұқсат бермеген қарағандылық қызға ота жасалмақ

: Instagram

Қарағанды білім бөлімінің шешімімен дәрігерлер зардап шеккен қыздың ата-анасынан ота жасауға және қан құюға рұқсат сұрамайтын болды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: fresher.ru
Көрнекі фото: fresher.ru: Instagram

Жедел хирургиялық араласу және қан құю қажет болған 17 жастағы қарағандылық бойжеткенге уақытша өкіл тағайындалды. Ол профессор Х. Мақажанов атындағы клиниканың директоры болды.

"Бойжеткен Шахтинсктен. Ол терезеден құлау салдарынан түрлі жарақат алған. Мұның қалай болғаны бөлек әңгіме. Оған қазір қан құю қажет.

Біз ауруханаға барып, ата-анасымен сөйлесуге тырыстық. Алайда, олар рұқсаттарын бермеді. Сол үшін біз Мақажанов атындағы клиника директорын өкіл ретінде сайлауға мәжбүрміз.

Ол өз атынан қажетті процедураларды пайдалануға келісім бере алады", -деді қалалық білім бөлімінде.

Дәрігерлердің мәліметі бойынша, қазір бойжеткеннің қабырғасы, омыртқасы сынған және тағы басқалары бар. Бүгін ол ауруханада жатыр, енді оған ота жасалмақ.

Уақытша өкілді тағайындау туралы шешімді қалалық білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық секторының қызметкерлері Неке және отбасы туралы Кодекс негізінде қабылдаған.

Айта кетерлігі, Қарағандыда діни көзқарас ұстанған ата-ана 17 жастағы қыздарына қан құюға рұқсат бермеген.

Ата-анасы қан құюға рұқсат бермеген қарағандылық қызға ота жасалмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.