Алматы облысында монша жалдап тұратын көпбалалы отбасыға пәтер табыс етілді (фото)
Жарияланған күні:
Моншада тұратын талғарлық көпбалалы отбасыға жергілікті меценат пәтердің кілтін табыс етті. Бұл жайында Алматы облысы әкімдігінің сайтында жарияланды деп хабарлайды NUR.KZ.
Жанболат Қуаныш пен Мақпалдың 2011, 2013, 2014, 2016, 2018 жылғы балаларымен монша тұрып жатқаны жайлы видео Facebook әлеуметтік желісінде таралды.
Отағасы балалар үйінің тәрбиеленушісі. Алған жарақаттарынан оның бір көзі көрмейді. Сондай-ақ сол қолының саусақтары жоқ. Осыған қарамастан, ер адам базарда әртүрлі жұмыс істеп, отбасын асыраған.
Ал жалдап тұрған моншаларына ай сайын 17 мың теңге төлеп отырған.
Көпбалалы отбасының ауыр жағдайын естіген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жергілікті билікке тапсырма берген.
Ал "Әлішер" шаруа қожалығының жетекшісі Асқар Сүлейменов меценат ретінде өз қаржысына Қуаныш және Мақпал Жанболаттар отбасына үш бөлмелі үй сатып алып берді.
9,5 млн теңгенің үйіне ие болған көпбалалы отбасы қазір жаңа үйге көшіп келген.
Сонымен қатар ер адамның мемлекеттен мүгедектігі үшін алатын жәрдемақыға қажетті құжаттар да жиналып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778715-almaty-oblysynda-monsa-zaldap-tratyn-kpbalaly-otbasyga-pter-tabys-etildi-foto/