Астанада сырғанақ тебуге кеткен 13 жасар оқушы жоғалып кетті
Опубликовано:
16 ақпан күні Астанада 13 жасар Өмірхан Бақдаулет есімді оқушы жоғалып кетті. Үйінен сырғанаққа барамын деп шығып кеткен жеткіншекті сол күйі ешкім көрмеген деп хабарлайды NUR.KZ.

Еріктілердің мәліметінше, оқушы 40-шы Станция жақтағы үйінен кешкі сағат алты жарым шамасында шығып кетіпті. Ол коньки тебуге барамын деп із-түзсіз жоғалған.
Жасөспірімді іздеу жұмыстарымен тәртіп сақшылары мен ерікті жандар айналысуда.
Өмірхан Бақдәулетті көген-білген жандар болса мына телефон нөміріне хабарласуға болады: 8 705 550 84 25 немесе 102.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779034-astanada-syrganak-tebuge-ketken-13-zasar-okusy-zogalyp-ketti/