Қаланың қақ ортасында ойыншық көлікпен жүрген азамат қызу талқыға түсті
Опубликовано:
Алматы көшесінде ойыншық көлік жүргізіп жүрген ер азаматтың видеосы тарап, көпшіліктің көңілін көтерді деп хабарлайды NUR.KZ.

Видео Instagram желісіндегі kazakh_video парақшасында жарияланған.
Кадрдан көзілдірік киген ер азаматтың қала көшесінде ойыншық көлік жүргізіп бара жатқанын байқауға болады.
Мұны көрген желі оқырмандары "баласынан жалға алған", "кептеліс кезінде бұл көліктің көмегі тиеді екен", "еріккен адамның ісі" деген сынды пікірлер қалдырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779073-kalany-kak-ortasynda-ojynsyk-klikpen-zrgen-azamat-kyzu-talkyga-tsti/