Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да тұратын 37 жастағы молда туған анасын іздеп жүр (фото)

Опубликовано:

ШҚО-ның 37 жастағы тұрғыны Магомед Оздоев туған анасын іздеп жүр. Балалар үйінің тәрбиеленушісі 1982 жылы Алматының Түріксіб ауданында дүниеге келген деп хабарлайды altaynews.kz.

Магомед Оздоев. Фото:altaynews.kz
Магомед Оздоев. Фото:altaynews.kz: Instagram

Жаркенттегі балалар үйінде тәрбиеленген Магомедті 9 сыныптан кейін мүгедектер үйіне жіберген.

"Балалар үйінде өскендіктен, біздің өмірге деген көзқарасымыз өзгеше болды. Себебі біз ешкімге керек емес едік. Ешкім де бізге мойын бұрып қарамады. Ал мүгедектер үйінде мен мейірбан жандармен жолықтым.
Олар бізді жанына тартып, жақын тұтты. 22 жасымда сол қайырымды жандар мені өз қамқорлығына алды. Солардың арқасында үй алдым, аяғыма нық тұрдым", - деген Магомед Оздоев бала күнін толық есіне түсіре алмайтынын жеткізді.
"Кішкентай кезімде мені әлдебір әйел бассейінге шомылуға апаратын. Бассейнде тағы екі бала болғаны, олардың мені шомылуға шақырғандары есімде. Ал әлгі әйел қарапайым ғана киінген еді. Балалар үйінде жүргенде ұзын бойлы жігіттің келіп, "мен сенің ағаңмын" деген де есімде қалды. "Қандай да бір қиындықтарың болса, маған айт. Мен келіп тұрам" деген еді. Жанында иті бар болатын", - дейді 37 жастағы жігіт.

Айта кететіні, бүгінде Магомед Оздоев шаңырақ көтерген. Ақмарал есімді жұбайы мен екі ұлы бар.

Қырыққа таяған ер адам енді өз анасын тапқысы келеді.

"Анамды көрсем, құшақтасам деймін. Көп нәрсе сұрағым келеді. Көп нәрсе айтқым келеді. Әкемді де тапқым келеді. Мүмкін менің аға-бауырларым бар шығар. Егер сіздер менің анамды тауып жатсаңыздар, ол мені "қаңғыбас" немесе "маскүнем" деп ойлап қалмасын. Мен – молдамын. Үйлі-күйлімін. Тек ана ғана жетпейді", - деді Магомед Оздоев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779083-sko-da-tratyn-37-zastagy-molda-tugan-anasyn-izdep-zr-foto/

pixel