Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық кәсіпкер адам шошырлық контейнерде тұрып жатқан отбасыға пәтер сыйламақшы

Опубликовано:

Ақмола облысы Целиноград ауданында орналасқан ауылда контейнерде өмір сүріп жүрген көпбалалы отбасыға астаналық кәсіпкер пәтер сыйлауға уәде берген. Бұл туралы kokshetau.asia-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

фото: kokshetau.asia
фото: kokshetau.asia: Facebook

Қоянды ауылындағы контейнерді сегіз адамнан тұратын жанұя паналауда.

Олардың сөзінше, Астанаға Түркістан облысынан көшіп келген. Тапқан қаражаты ештеңге жетпегендіктен, контейнерде тұруға мәжбүр болып отырғандарын айтады.

Отбасы мүшелері әкелерінің 60 мың теңгелік айлығы мен бір жасқа дейінгі балаға төленетін жәрдемақыға өмір сүріп отырғандарын жеткізді.

Олар тұрғылықты мекен-жай болмағандықтан, әлеуметтік көмек ала алмағандарын білдірген.

фото: kokshetau.asia
фото: kokshetau.asia: Facebook

"Шапағат" қайырымдылық қоры көпбалалы отбасыға қол ұшын беру үшін көпшілікті шақырған.

"Біз контейнерге кіргенде балалар суықтан және қарны аш болғандықтан жылап жатты. Үстелдің үстінде екі сәбіз, екі картоптан басқа ештеңе болған жоқ", - деді қор құрылтайшыларының бірі Назгүл Мақжан.
фото: kokshetau.asia
фото: kokshetau.asia: Facebook

"Facebook желісінде осы отбасының жағдайын жазғанымда бір тәулік ішінде бір тоннаға жуық азық-түлік пен 600 мың теңге жиналды. Ақша әлі де түсуде.

Ең басты жаңалық - бізге бір кәсіпкердің көмекшілері хабарласып, отбасыға үй алып беретінін айтты. Олар қажетті құжаттарды дайындауды сұрап, келесі аптаның басында хабарласатынын мәлімдеді", - деді ол.
фото: kokshetau.asia
фото: kokshetau.asia: Facebook

Сондай-ақ мектеп басшылығы да осы отбасыдағы үшінші және бесінші сыныптарда білім алатын қыздардың мәселесін шешіп беруге сөз берген.

Оқушы қыздар мектепке бару үшін күніне 8 шақырым жаяу жүреді.

фото: kokshetau.asia
фото: kokshetau.asia: Facebook

фото: kokshetau.asia
фото: kokshetau.asia: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779119-astanalyk-ksipker-adam-sosyrlyk-kontejnerde-tryp-zatkan-otbasyga-pter-syjlamaksy/

pixel