RU

Тойда сүйіктісінің аяғын басына қойған жігіттің масқарасы шықты

Тойда сүйіктісінің аяғын басына қойып, біресе мойнына салған жігіт жұрттың ашуына тиді. Оның әрекеті желі қолданушыларының қызу талқысына түскен деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Instagram

Жас жігіт пен бойжеткеннің видеосы kazakh.toy парақшасында жарияланған.

"Масқара", "Ұяттан жұрдай болған екен", "Аяғын дастархан басында көтергені несі?", "Жігіттік намыс қайда?".

"Еркек басыңмен аяғын төбеңе шығарғаның не?", "Басыңа шығардың ғой" деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, видеоның қайда, қашан түсірілгені белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779131-tojda-sjiktisini-aagyn-basyna-kojgan-zigitti-maskarasy-sykty/