Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада еңбекке жарамсыздық парағын сатқан дәрігер мен мейірбике ұсталды (видео)

Опубликовано:

Елорда полицейлері қалалық емхананың екі қызметкерін құрықтады. Дәрігер мен мейірбике еңбекке жарамсыздық парағының бір күнін 2500 теңгеден сатқан деп хабарлады NUR.KZ.

Фото:kh.vgorode.ua
Фото:kh.vgorode.ua: Instagram

Бұл жайында Астана қалалық полиция департаменті мәлім еткен.

"15 ақпан күні қалалық емханалардың бірінде "Бақылап сатып алу" әдісімен жалған еңбекке жарамсыз парақтарын сату дерегі анықталған. 10 мың теңгеге жалған медициналық парақты сатып жатқан жерінде мейірбике мен емхана дәрігері ұсталды", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары жалған парақтарды сатуға көмектескен қала тұрғынын қолға түсірді. Ол дәрігерлер мен тұтынушылар арасында делдал болған.

Айта кететіні, емхана қызметкерлерінің жұмыс орнын тінту барысында, емхана дәрігерлерінің қолы қойылып, мөр басылған анықтама парақтарын тапқан.

Қазіргі уақытта қылмыстық кодексінің 385-ші бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ұсталған медицина қызметкерлері кінәсін толық мойындаған. Қазір жасанды жалған құжаттар мен форма жасауына және сатуына байланысты алдын ала тергеу жүргізілуде.

Астана қаласының полициясы тұрғындарға жалған еңбекке жарамсыздық парағын пайдалану арқылы қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779264-astanada-ebekke-zaramsyzdyk-paragyn-satkan-driger-men-mejirbike-staldy-video/

pixel