Желіде таралған зәулім үй зейнетақы қорының басшысына тиесілі ме?
Опубликовано:
Желіде зәулім сарай бейнеленген ролик пайда болды. Бейнежазбада үйдің "Қазақстанның зейнетақы қоры басшысына тиесілі" екендігі айтылған деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеода үйдің ішкі көрінісі көрсетілген. Кадрдан зәулім үйдің интерьерін байқауға болады.
Автор жекежайдың құрылысы мен бөлмелерінің әдемілігіне таңданысын жасыра алмаған.

Бұған қатысты зейнетақы қорының баспасөз қызметі пікір білдіріп, аталмыш үйдің қордың басшысына немесе қандай да бір қызметкерлерге тиесілі екенін жоққа шығарды.
"Видеода көрсетілген тұрғын үй "БЖЗҚ" АҚ басшысына немесе оның туыстарына тиесілі емес", - деп түсіндірді үйым.
БЗЖҚ аталған видео желіде бірінші рет тарап отырмағанын да айта кетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779368-zelide-taralgan-zulim-j-zejnetaky-koryny-bassysyna-tiesili-me/