Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жасыл қаржының көмегімен әлемді аузына қаратқан бес елді білесіз бе?

Опубликовано:

Бүгінгі таңда жасыл қаржы ұғымы әлем елдерінің экономикасында жиі көрініс табуда. NUR.KZ порталы жасыл қаржының көмегімен экологияның ең өзекті мәселелерін шешіп, әлемнің таңдайын қақтырған бес елді назарға ұсынады.

АҚШ

Фото: pro-remont.org
Фото: pro-remont.org: Depositphotos

АҚШ-тың Калифорния штаты ерекше әжетхана ойлап тауып, әлем жұртшылығының назарына ілікті. Күн энергиясын пайдаланатын мұндай әжетханалар барлық қалдықтарды бірден сутекке және тыңайтқыштарға айналдырып отырады. Нәтижесінде әжетхана өздігінен тазарып, ал ондағы барлық қалдықтар өсімдікті тыңайтуға жұмсалады. Мұндай әжетханаларды Австралия, Үндістан, Африка елдері де қолданысқа енгізе бастаған. Ал әйгілі Билл Гейтстің өзі бұл жобаға 10 млн долларын бөліп берді.

Бразилия

Фото: recyclemag.ru
Фото: recyclemag.ru: Facebook

Бразилияның Куритиба қаласында тұрғындар саны 2,7 миллионға жетіп, өңірдегі қоқыс мөлшері тым артылып кеткен болатын. Қоқыстан құтылу үлкен мәселеге айналғасын, қала мэрі бір қап қоқысты өңдеушілерге ерінбей өткізген әрбір тұрғынға талон беруді бұйырады.

Тұрғын бұл талонмен тегін жеміс–жидек алуға немесе қоғамдық көлікті тегін пайдалануға мүмкіндік алады. Нәтижесінде бүгінде тұрғындардың тоқсан пайызы қоқысты реттеп, өңдеушілерге өткізуді әдетке айналдырған. Ал халықаралық басылымдар бұл қалаға Бразилиядағы ең тіршілікке қолайлы қала деген атақ берді.

Канада

Фото: recyclemag.ru
Фото: recyclemag.ru: Depositphotos

Ванкувер қаласы су энергиясын тұтыну бойынша көш бастауда. Мұнда су энергиясын тұтыну 90%–ға жеткен. Нәтижесінде Ванкувер жан басына шаққанда зиянды заттардың шығарылуы бойынша әлем қалалары арасында ең төмен көрсеткішке қол жеткізді. Қала әкімшілігі Ванкуверді 2020 жылға дейін әлемнің ең жасыл қаласына айналдыруды мақсат етуде. 2011 жылдан бастап қалада 13000 түп ағаш отырғызылды. Ал болашақта отырғызылған ағаш санын 150 000–ға жеткізу жоспарланып отыр. Қалада жасыл құрылыс кодексін сақтау қатаң түрде қадағаланады. Өңірдегі әрбір нысанның құрылысы экологиялық тұрғыдан зиянсыз болуы тиіс.

Үндістан

Фото: breakthrough.unglobalcompact.org
Фото: breakthrough.unglobalcompact.org: Depositphotos

Ауыз судың тапшылығынан халқы әбден қиналған Үндістан елінің жастары қоймалардағы суды тазартудың ерекше тәсілін ойлап тапты. Олардың құрылғысы, тіпті теңіз суын ауыз суға айналдыра алады. Sarvajal деп аталатын мұндай автоматтар бүгінде елдің көптеген сауда орталықтарына қойылып, тұрғындар аздаған ақшаға таза ауыз су сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Ресей

Фото: spb.kp.ru
Фото: spb.kp.ru: Depositphotos

Ресей ағаштың жойылуын барынша азайту мақсатында «Ағашты қорға» атты сәтті стартапты іске қосқан. Жүздеген еріктілер кеңселерді аралап, онда жиналып қалған керексіз қағаздарды әкетіп отырады. Нәтижесінде бірнеше тонна қағаз мыңдаған ағаштың өмірін сақтап келеді.

Елдегі тағы бір ерекше бастама – экокубтар. Экокуб үй жағдайында ағаш немесе ерекше гүл өсіруге мүмкіндік беретін кәдесыйдың бір түрі. Айтарлықтай қымбат тұрмайтын бұл кәдесыйда өсімдік өсіруге арналған ағаш құмыра, топырақ және өсімдіктің дәні бар.

Қазақстан да жасыл қаржыны дамытып, елдегі экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында бірқатар бастамаларды қолға алған.

Мәселен, өткен жылдың желтоқсан айында Алматыда ірі қоқыс өңдеу кешені іске қосылды. Қуаттылығы 550 мың тоннаны құрайтын зауыт қаланы қоқыстан арылтып қана қоймай, 528 жаңа жұмыс орнын құрады деп күтілуде.

Назар аударарлық тағы бір бастама - "Астана" халықаралық қаржы орталығының Жасыл қаржы орталығы. Аталмыш орталық жасыл облигацияларға (экологиялық жобаларды қаржыландыратын құнды қағаздар) мұқтаж кәсіпкерлер үшін кемінде 500 мың доллар инвестиция тарту мүмкіндігін береді. Ол үшін кәсіпкер www.aix.kz сайтына кіріп, жобасын сайтта көрсетілген талаптарға сәйкестендіріп, арнайы форманы толтыруы қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779534-zasyl-karzyny-kmegimen-lemdi-auzyna-karatkan-bes-eldi-bilesiz-be/

pixel