Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бидің түбін түсірген балақай желіні жарды

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде алты-жеті жас шамасындағы балақайдың видеосы тарап кетті. Әннің ырғағына сай билей жөнелген кішкентай баланың әрекеті toi.kyzyktar парақшасында қызу талқыға түсті деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Instagram

Балақай отандық әншінің "Ойна да күл" әніне билейді.

Ал видеоны түсіруші адам оның тоқтап қалмауын қадағалап, пәрмен беріп тұрған.

Үлкендерден көріп алған би қимылдарын қайталаған баланы көрген желідегілер күлкіге қарық болғандыран жасырмады.

"Әннің ырғағына сай билейді екен", "Күшті билейді ғой", "Жарайсың, балақай", "Бидің түбін түсірді", "Өте керемет" деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, видеоның еліміздің қай аймағынан түсірілгені белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779538-bidi-tbin-tsirgen-balakaj-zelini-zardy/

pixel