RU

Ильяс Кардың кінәсінен көз жұмған азаматтың қорғаушысы үкім туралы ойын айтты

"Митсубиси" көлігін басқарған Құнапия Бақытнұрдың ағаларының мүддесін қорғайтын адвокат Ержігіт Нұртайұлы соттың Ильяс Карға шығарған үкіміне пікір білдірді деп жазады NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Қытайдан келген Құнапия Бақытнұр сол күні үш жолаушы әйел мінген көлікті басқарған.

Қорғаушы Ильяс Кар марқұмның жанұясына материалды және моральді шығын төлегенін айтты.

"Алматы Алмалы аудандық соты 10 жылды бекітті. Бұл көп уақыт. Өйткені аталмыш бапта 10 жылға дейін деп көрсетілген. Әр жәбірленуші үш млн теңгеден алады және олар бұл төлемге қанағаттанып отыр. Сол себепті, біз сот шешімі әділ деп есептейміз", - деді қорғаушы.

Алғашқыда марқұмның бауырлары моральді өтемақы үшін 12 млн теңге сұраған, алайда артынша аз сомаға келісім беріпті.

Ал қорғаушы өтелген материалдық шығынды айтудан бас тартты.

"Ол материалды өтемақы төледі, сол себепті біз жазаны жеңілдетуді сұрадық. Бірақ, сот біздің өтінішімізді қабылдамай, оған ең көп мерзімді бекітті", -деді Нұртайұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779667-ilas-kardy-kinsinen-kz-zmgan-azamatty-korgausysy-kim-turaly-ojyn-ajtty/