Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызғаншақ күйеуінен таяқ жеп шаршаған 30 жастағы әйел мұңын шақты

Опубликовано:

Күйеуімен төрт жыл бұрын танысып, бес айдан соң тұрмысқа шыққан 30 жастағы келіншек жұбайының қызғаншақтығынан шаршағанын айтады. Бірінші әйелімен ажырасып, балаларына алимент төлеп тұратын азамат қазіргі отбасының да шырқын бұзып жүрген көрінеді деп жазады Сырласу сайты.

Көрнекі фото: metaphysican.com
Көрнекі фото: metaphysican.com: Facebook

Басынан бастап сүйіктісінің қызғаншақтығын аңғарған келіншек оған өзінен басқа ешкім керек емес екенін түсіндірген. Алайда азамат "бар өнерін" үйленген соң шығарып, әйелін күніге түртпектеп отыратын болыпты.

Ол жұбайына бұрынғы сөйлескен жігіттері туралы айтып, "оларды сағындың ба" деп сұрай берген көрінеді.

"Өзімнің қызуқанды, ашушаң болып бара жатқанымды байқадым. Одан басқа маған ешкімнің керек емес екенін айтып, түсіндіріп шаршадым.

Төбемнен нұқып, үнемі ұялы телефонымды ақтарып отырады. Өзге еркектің мен жақа басын бұрғанын көрсе, басым бәлеге қалды деген сөз", - дейді келіншек.

Көп ұзамай аяғы ауыр болған келіншек бүгінде үш жасар қыз тәрбиелеп, бала күтімімен үйде отыр екен.

Ал күйеуі сәбилі болғанына қарамастан бұрынғы әдетін әлі тастамаған. Ол қазір тіпті жұбайын соққы астына алып, ұрып тастайтын көрінеді. Ал кішкентай қызын ойлаған әйел оның дау-жанжалдың арасында өскенін қаламайды.

"Күйеуім бізді қатты жақсы көреді. Бірнеше рет анамның үйіне қайтып кеткен кездерім де болған. Ол артымнан келіп, кешірім сұрап, "Сендер болмасаңдар өмір сүре алмаймын" деп қайта алып кететін. Темекі шекпей, ішімдікке жоламайтын, бала десе ішер асын жерге қояр күйеуімді қимайтын да шығармын. Тек осы бір мінезі болмаса", - дейді ол.

Өмірлік жарының бұл мінезінен шаршаған жұбайы жұрттан ақыл сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779822-kyzgansak-kjeuinen-taak-zep-sarsagan-30-zastagy-jel-myn-sakty/

pixel