Алматыда мүсіннің алдында тұрған ноутбукты ұрлап кетті
Опубликовано:
Алматының Өтеген батыр көшесіндегі ноутбук ұстаған мүсіннің жоғарғы бөлігі жоқ екенін тұрғындар 19 ақпан күні байқаған. Белгісіз біреулер мүсінді сындырып, алып кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.
![Алматыда мүсіннің ноутбугын ұрлап кетті Алматыда мүсіннің ноутбугын ұрлап кетті](https://cdn.nur.kz/images/1120/26c0448eba4be91a.jpeg)
Мүсін Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында орналасқан.
Нұқсан келтірілген мүсіннің алғашқы суреті Facebook-тегі Almaty - my first love парақшасында жарияланды.
"Қандай қалада тұрып жатқанымызды еске салғым келеді. Жауап: Қазақстанның мәдени астанасында! Ноутбук ұстаған мүсіннің ноутбугын ұрлап кететін қалада. Енді ол планшет ұстаған мүсінге ұқсайды. Тек алманың затбелгісін қойсақ, бәрі тамаша болып кетеді", - деп жазылыпты суреттің сипаттамасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779870-almatyda-msinni-aldynda-trgan-noutbukty-rlap-ketti/