Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семей әуежайы Мұхтар Әуезовтің есімімен аталуы мүмкін

Опубликовано:

Семей әуежайы жазушы Мұхтар Әуезовтің есімімен аталуы мүмкін. Мұндай ұсынысты халық алдында есеп берген ШҚО әкімі Даниал Ахметов жасаған деп хабарлайды өңірдің ақпарат орталығына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Хабар 24
Фото: Хабар 24: Depositphotos

Тұрғындар алында есеп берген ШҚО әкімі Даниал Ахметовке көпшілік атынан Семей әуежайына елге есімі белгілі жерлестерінің бірінің есімін беру жөнінде ұсыныс түскен.

Айта кетсек, осыдан бірнеше ай бұрын Қазақстан Жазушылар одағы Семей қаласы филиалының төрағасы Мерей Қарт Семей әуежайын "Абай жолы" деп атасақ деген ұсыныс айтқан.

Бұған жауап берген ШҚО әкімінің айтуынша, Семейде Абайдың аты берілген нысандар жетерлік.

Мәселен Абай музейі, Абай театры, Абай кітапханасы бар. Оның үстіне "Абай Арена" мәдени-спорттық кешені салынып жатыр.

Сондықтан облыс басшысы Мұхтар Әуезовтің есіміне назар аударуды ұсынды.

"Ұсыныс өте орынды. Бұл ретте біз жерлесіміз ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің есіміне назар аударуымыз керек сияқты", - деді Даниал Ахметов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1780195-semej-uezajy-mhtar-uezovti-esimimen-ataluy-mmkin/

pixel