Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық ана сегіз айдан бері төсекке таңылған ұлы үшін жанұшыра көмек сұрауда

Опубликовано:

Миына зақым келген 3,5 жасар Селим Мұсаевқа шұғыл көмек қажет. 8 айдан бері төсекке таңылған бүлдіршінді Германияда емдету үшін жалпы сомасы 110 мың еуро қаржы керек деп хабарлайды КТК арнасы.

Кадр КТК арнасы
Кадр КТК арнасы: Depositphotos

Арнайы құрылғының көмегімен демалып жатқан Селим Мұсаев әр 2-3 сағат сайын түрлі дәрі ішеді.

Жазатайым оқиға былтыр жазда болған. Баспалдақтан құлап, басынан ауыр соққы алған балақайдың миы зақымдалған. Ата-анасы тұңғышын емдету үшін талай медициналық мекеменің табалдырығын тоздырыпты.

Селимге Таразда күрделі отаны Марат Рабандияров есімді дәрігер жасаған. Реанимобильдің жол шығынын жас отбасы өздері көтеріпті. Қазір кішкентай Селимнің жағдайы күннен-күнге қиындап барады.

Кадр КТК арнасы
Кадр КТК арнасы: Depositphotos

Өз бетінше тамақ ішіп, қозғалып, қатарластары секілді ойнамайды. Асты тек түтікше арқылы қабылдайды. 8 айдың ішінде баланың өкпесі қабынып, тыныс алуы қиындаған соң бірнеше рет жансақтау бөліміне түскен.

Ал ата-анасы бар мүлкін сатып, шетелден білікті невролог табуға ниетті. Олар баласын аяққа нық тұрғызуға ниетті.

"Алматыда бізді ешқандай аурухана жатқызғысы келмейді. Осында баламызды шындап емдеуге келісетін дәрігер табылса қуанар едік. Өкінішке орай, баламызды полиативті науқас ретінде санап, хоспиське өткізіңдер дейді", - деді Селимнің анасы Азиза Мұсаева.

Дереккөз КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1780808-almatylyk-ana-segiz-ajdan-beri-tsekke-taylgan-ly-sin-zansyra-kmek-srauda/

pixel