Елімізде ішімдік бағасы қымбаттайды
Опубликовано:
Қазақстанда ішімдік бағасы көтерілетін болды. Бұған қатысты үкіметтің 21 ақпандағы қаулысы нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесі "Әділет" порталында жарияланды.
![ввввв ввввв](https://cdn.nur.kz/images/1120/4b9a658e5fb1fbf4.jpeg)
Арақтар мен айрықша арақтардың, күштілігі жоғары ликер-арақ өнімдерінің 2019 жылғы ең төмен бөлшек сауда бағасы литріне 1 923 теңге болып белгіленді.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Бұған дейін "арақтар мен айрықша арақтардың, күштілігі жоғары ликер-арақ өнімдерінің" бөлшек сауда бағасы литріне 1 900 теңге болған еді.
Айта кетсек, Қазақстанда ішімдік өнімдерінің тіркеу-бақылау маркалары мен темекі өнімдерінің акциздік маркаларын беру процесін жеңілдету жоспарда бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1780829-elimizde-isimdik-bagasy-kymbattajdy/