Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

95 жасқа келген белгілі академик Әбдуәли Қайдар дүниеден озды

Опубликовано:

Қазақ тіл білімінің көрнекті маманы, белгілі түркітанушы, латын әліпбиіне көшу туралы алғаш ұсыныс айтқан академик Әбдуәли Қайдар 95 жасқа қараған шағында өмірден озды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

95 жақса келген белгілі академик Әбдуәли Қайдар дүниеден озды
Фото: Егемен Қазақстан: Twitter

Бұл қаралы хабарды белгілі журналист Мейрамбек Таубалдиев жеткізді.

"Ана тілінің абызы, академик Қайдар Әбдуәли Туғанбайұлы өмірден озды. Отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Бақұл болыңыз, ана тілдің маршалы!", -деп жазды ол Facebook парақшасныда.

Қазақ ғалымының жақындары мен туыстарына көңіл айта отырып, назарларыңызға Тіл білімі институтының жеке мұрағатынан Әбдуәли Қайдардың соңғы сұхбатын ұсынамыз.

Шоқан Уәлиханов атындағы І дәрежелі сыйлықтың иегері (1971), Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1982), Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (1983), Түркияның «Türk Dil Kurumu» лингвистикалық қоғамының құрметті (академик) мүшесі (1989), Башқұртстан ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі (1991), ҚР Президенті жанындағы ішкі саясат комитетінің мүшесі (1995), Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрметті президенті (2004), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, Ұлы Отан соғысының ардагері, филология ғылымдарының докторы, профессор Қайдар Әбдуәли Туғанбайұлы өзінің саналы ғұмырының кейінгі жарты ғасырынан астам уақытын тіл білімі саласында үзбей қызмет етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1780868-95-zaska-kelgen-belgili-akademik-bduli-kajdar-dnieden-ozdy/

pixel