jitsu gif branding logo appbranding logo app
Бос уақыт

    Қызылордалық жігіт сүйгені алып-қашуға көнбеген соң оның құбысына үйленген

    : Instagram

    Қызылордалық Ерлан есімді жігіт сүйгенін алып қашпақ болады. Алғашында келісімін берген бойжеткен ойынан айнып, дәл сол күні үйінен шықпай қойған. Туыстары аста - төк тойға дайындалып, қонақтары шақырылған жігіт ерегескеннен сүйіктісінің құрбысын көлікке отырғызып, алып қашқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Фото:today.kz
    Фото:today.kz: Instagram

    Ерлан әпкесі мен жездесін ертіп, сүйіктісін алып қашу үшін көрші ауылға барады. Алайда бойжеткен үйінен шықпай қойып, жігіт пен туғандарының қуаныштары су сепкендей басылыпты.

    Сол жерде шешім қабылдаған жігіт ғашығын шығарып бермек болған құрбысының өзін алып қашқан.

    "Ауылға келін түсірді" деп туғандар мәз. Алыс -жақын ағайынның барлығы "Ерлан үйленді" деп жиналған. Ақ жаулықты аналар жағы келіннің маңдайынан сүйіп, қуанып жүр", - дейді Ерлан.

    Жігіттің туыстары Ерланды өз сүйгенін алып келді деп ойлаған.

    "Кішкене шыдауға тура келді. Барлығы уақыт өте келе орнына түсті. Апам мен жездем жағдайды түсіндірді. Бастысы жүріп жүрген қызымның құрбысы маған жар болуға көнді", - дейді Ерлан.

    Айта кетейік, бүгінде Ерлан мен ойда-жоқта келін болған арудың үш баласы бар. Алды мектеп бітіріп, жоғары оқу орнына түскен.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.