Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелі перзентханада көз жұмған бес баланың әкесі жанайқайын айтты

Опубликовано:

Алматы облысында перзентханаға босану үшін барған әйел ота жасалған соң қайтыс болған. Дәрігерлер қателігінен көз жұмған Дилмира Мақсұтованың артында бес баласы қалды. Бүгінде жұбайының жылуын көрмей, бес баланы жалғыз асырап жүрген Радулин Самиев әлі де шындыққа қол жетізе алмай жүр деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

Фото: Видеодан кадр/ Еуразия бірінші арнасы
Фото: Видеодан кадр/ Еуразия бірінші арнасы: Twitter

Бес баланы жалғыз тәрбиелеп келе жатқан Бахар ауылының тұрғыны Радулин Сәмиев толғағы жеткен жұбайын өткен жылдың қазан айында өзі перзентханаға апарған. Алайда, аман-есен босанған 33 жастағы келіншектің жатырынан қан кетіп, дәрігерлер ота жасапты.

"Мен кіріп көрсем, әйелімде жан жоқ, жаны шығып кеткен сағат 5-терде. Қолдарын, беттерін ұстасам барлық жері мұз болып қатып қалған. Аяғын ұстайын десем, беліне дейін қайнақ су құйып, "грелкаларды" тізіп тастаған. Мынау қайтыс болып кетті ғой, не істеп жатсыңдар деп айтсам, жоқ сен олай айтпа, ол тірі дейді", - деді Радулин Сәмиев.

Марқұмның туғандары ота жасаған дәрігердің 40 минутқа кешігіп келгенін айтады. Сол аралықта оның көмекшілері Дилмира Мақсутованың ішін кесіп, жатырын ашқан. Үш сағатқа созылған операцияда дәрігерлер оның асқазанын зақымдап, жүрегіне массаж жасағанда үш қабырғасын сындырып алған.

"Балаларым сұрағанда қиналамын. Бірақ қиналғанмен, шындықты айту керек. Мамаң ұшып кетті аспанда жүреді деп айтамыз", - деді азамат.

Дәрігерлердің салғырттығынан арты адам өлімімен аяқталған істен соң Ұйғыр аудандық орталық ауруханасында өзгеріс те болмаған сыңайлы.

"Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан және біздің орталық аурухананың тарапынан әкімшілік шаралар қолданылды. Дәрігерлер оқуға жіберілді", - дейді Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы директорының орынбасары Анвар Рашитов.

Дереккөз: "Еуразия бірінші арнасы"

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1781129-jeli-perzenthanada-kz-zmgan-bes-balany-kesi-zanajkajyn-ajtty/

pixel