"Еркек қашан сұраса да, жоқ деме": 100 жастағы әжей келіндерге ақыл айтты
Опубликовано:
Бір ғасыр өмір сүрген әжейдің жас келіндерге айтқан ақыл-кеңесі желіде тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
![Видеодан кадр Видеодан кадр](https://cdn.nur.kz/images/1120/a1728671c9c68f50.jpeg)
Әжейдің сөзінше, әйел ер азаматтың қас қабағын бағып отырғаны жөн.
"Күйеуің үйге келгенде, қабағың кіртиіп тұр, шаршап тұрған сияқтысың. Кішкене демалып ал десең болды, ер адам босай береді", - дейді қарт кісі.
Қарт ана бір жерге бару үшін, ер азаматтан міндетті түрде сұрану керектігін ескертті.
"Бар десе, барып, жоқ десе, үйде отыру қажет", - деді әжей.
Ол келіндерге күйеулерінің көңілін қалдырмауға кеңес берді.
"Еркек түнде қай уақытта сұраса да , жоқ демеңдер. Ұят та болса айтайын. Оның мейірі қанады, қабағы ашылады. Оларға тамағынан бұрын мамасы жақын. Бұрын "өліп бара жатсың ба, бала жылап жатыр" дейтін ек. Онымыз бекер екен", – деп сөзін қорытындылады қарт ана.
Мұны көрген желі оқырмандары әжей айтқан сөздің жаны бар екенін жазып, қарт анаға зор денсаулық тілеген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1781187-erkek-kasan-srasa-da-zok-deme-100-zastagy-zej-kelinderge-akyl-ajtty/