Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рамзан Қадыров: Менің Қазақстанға, қазақ халқына деген ықыласым ерекше (видео)

Опубликовано:

Шешенстан басшысы Қазақстанға және Нұрсұлтан Назарбаевқа деген қарым-қатынасы жайында баяндады. Ол елімізге деген ықыласы ерекше екенін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Рамзан Қадыров Қазақстанға ерекше ықыласпен қарайтынын жеткізді
Фото: Видеодан скриншот: Facebook

Алғыс айту күніне орай түсірілген видео сұқбат Президент телерадиокешенінің деректі фильмінде жарияланған.

Көптеген тұлғалар өздерінің Қазақстанға деген қарым-қатынастарын білдірген. Солардың арасында Шешенстан басшысы да бар.

Рамзан Қадыровтың сөзінше, ол қазақ халқына, Қазақстанға және ел президентіне ерекше ықыласпен қарайды.

Айтуынша, Қазақстан - әкесінің отаны екен. Оның атасының ағасы да осында жерленген.

"Бізде әскери кампания болған кезде бізге көмек қолын созған Қазақстан басшылығы, Нұрсұлтан Әбішұлы мен оның командасы еді", - деп еске алды Қадыров.

Шешенстанда алғыс ретінде Назарбаевтың құрметіне мектептің аты берілмекші.

"Бір тағдыр" фильмінде Грозныйдан кадрлар көрсетілген. Автордың сөзінше, қала өткен ғасырдың 40-шы жылдарындағы қазақтардың мейірімділігін ұмытпаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1781515-ramzan-kadyrov-meni-kazakstanga-kazak-halkyna-degen-ykylasym-erekse-video/

pixel