Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

300 мақал-мәтелді жатқа айтатын ақтөбелік орыс атай көпшілікті сүйсінтті (видео)

Опубликовано:

Желіде қазақ тілінде бес түрлі бата берген орыс ұлты қариясының видеосы тарады. Кеңқияқ ауылының белсендісі Ардақ Құбашева Instagram парақшасында ерекше видеоны жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Instagram

Ұлты орыс болса да Шкапоров Николай Иванович үйіне келген қонақтарына батаның түр-түрін берген. Қазақ тілінде еркін сөйлейтін ақсақал 300-ден астам мақал-мәтелді жатқа білетін болып шықты.

Шалқарда туып өскен қарт ұзақ жылдардан бері Кеңқияқта тұрып келеді.

"Өмірінде орыстармен істес болмаған. Оларды тек әскерге барғанда кездестірген екен. Жалпы, қазақтардың арасында салт-дәстүрін сіңіріп өскен", - дейді Ардақ Құбашева.

Николай Шкапоровтың туған қарындасы Валентина Ивановна да қазақ тілінде еркін сөйлейді. Бүгінде ол Ақтөбеде мұғалім болып қызмет етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1781547-300-makal-mteldi-zatka-ajtatyn-aktbelik-orys-ataj-kpsilikti-sjsintti-video/

pixel