Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде асылып өлген студенттің денесін туыстары өз қаржысына әкелген

Опубликовано:

Мәскеу мемлекеттік университетінің жатақханасында қайтыс болған Темірлан Қырыбаевтың туыстары оның денесін елге өз ақшасына алып келген деп жазады Sputnik Казахстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Mash телеграм арнасы. Коллаж: NUR.KZ
Фото: Mash телеграм арнасы. Коллаж: NUR.KZ: Twitter

Анықталғандай, жас жігіттің денесін елге ұшақпен алып келу марқұм туыстарының қаражатымен іске асырылған. Ресейдегі Қазақстан елшілігінің қызметкерлері студенттің ата-анасына оның денесін тасымалдау жөніндегі қажетті құжаттарды рәсімдеуде құқықтық көмек көрсеткен.

СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров қазіргі таңда Мәскеуде отандасымыздың өліміне қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. Тексерістің нәтижесі әзірге белгісіз.

"Біз тексеріп жатырмыз. Ресейлік полицияның ресми мәлімдемасіне сүйену керек" , - деп толықтыра кетті ол.

Айта кетейік, бұған дейін Мәскеу университетінің жатақханасында өлі күйінде табылған қазақстандық студент жайлы жазған болатынбыз. Алдын ала мәлімет бойынша ол өзіне қол жұмсаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1781796-resejde-asylyp-lgen-studentti-denesin-tuystary-z-karzysyna-kelgen/

pixel