Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетаулық ару құрбысының әкесімен көңіл қосып, отбасын ойран еткен

Опубликовано:

Шынайы достықтан көңілі қалып, жақын құрбысы сатып кеткен көкшетаулық қыздың өмірі тас-талқан болған. Айжұлдыз есімді арудың отбасынан бүгінде береке қашқан. 20 жылдан астам уақыт дәм-тұзы жарасып, екі бала тәрбиелеген ата-анасы жуырда ажырасып кетіпті. Әкесінің жанұядан кетуіне бойжеткеннің құрбысы себепкер болған екен. Жас қыз өзінің оқиғасын KAZ.NUR.KZ тілшісіне айтып берді.

Көкшетаулық ару құрбысының әкесімен көңіл қосып, отбасын ойран еткен
Көрнекі фото: Instagram

«Мен қазір қаладағы құзырлы органдардың бірінде еңбек етемін. Мектеп кезімнен бері дос болып жүрген құрбым да жанымда қызмет жасайды. Оның есімі – Әсел. Екеуміз бірге университет қабырғасында білім алдық. Кейін сәті түсіп, бір мекемеге жұмысқа алындық. Барлық жан сырымды Әселмен бөлісетінмін. Оның да менен жасыратын құпиясы жоқ деп ойлайтын едім. Бірақ құрбым мен ойлағандай адам болмай шықты. Оның ішкі дүниесін кеш түсінгеніме өкінемін», - дейді Айжұлдыз.

Айжұлдың ата –анасы өте ауқатты кісілер. Әкесінің жеке құрылыс компаниясы бар. Жыл сайын кәсібінің ауқымы кеңейіп келеді. Құрбысы Әселдің де тұрмыс жағдайы төмен емес екен. Бала кезден дос болған қыздар бір-бірінің үйіне жиі қонаққа келіп, жанұя мүшелерімен тығыз байланыс жасап жүрген.

«Осыдан шамамен бір жарым жыл бұрын әкем өзгере бастады. Жасы 45-тен асса да ол кісі өте сымбатты көрінетін. Үнемі спортзалда шынығып, өзіңе көп көңіл бөлетіндігі қуантатын. Әкем үйге жиі қонбайтынды шығарды. Үнемі басқа қалаларға іс-сапарға көп кететін болды. Анам бастапқыда бұл әрекетіне аса мән бермейтін. Жұмысы көбейген соң, отбасыңа көңіл бөле алмай жүр деп ойладық. Анамның ешқашан әкемді опасыздық әрекетке барады деген күдігі болған емес». – дейді көкшетаулық бойжеткен.

Алайда, Айжұлдың үйінде жиі жанжал орын ала бастаған. Түнделетіп келетін әкесінің үстінен таныс әтірдің иісі шығып тұратын болған екен. Бұл жағдайды байқап жүрген анасы да айқай шығарып, шаңырақтан береке кете бастаған. Өзінің жүрегін ауыртып жүрген жағдайды бойжеткен құрбысына айтып жүрген. Әсел өз кезегінде жұбатып, қолдау көрсетіп жүргендей болыпты.

«Бір күні таңертең ұйқымнан тұрсам, анам асханада жылап отыр екен. Інім екеуміз мән-жайды сұрастырғанымызда, әкемнің ашынасы пайда болғанын біліп қойғанын айтты. Түн ішінде әкем жуынатын бөлменің ішінде бейтаныс біреумен сөйлесіп отырғанын естіп қойыпты. Бірақ папамызға ол туралы айтпапты. Бұл жағдай төбемізден жай түскендей әсер етті. Әкемнің ешқашан сатқындыққа баратынын елестетіп көрмеп едім. Іштей қатты қынжылып, жылап қалдым. Бір отбасымның ойранын шығарған әйелдің кім екенін білгім келеді», - дейді біздің кейіпкер.

Айжұлдыз жұма күні жұмысынан ертерек сұранып, әкесінің соңынан аңдуды ойластырады. Бұл жоспары туралы анасы да, құрбысына да тіс жарып айтпаған. Әкесінің кеңсесінің жанына таксимен келіп, оның шыққанын күтеді.

«Әкем жұмысынан кешкі сағат сегізде шықты. Көлігіңе мініп, орталықтағы мөлтек аудандардың біріне барды. Барған мекен-жайы маған өте таныс болатын. Өйткені сол аумақта менің құрбым Әсел тұратын еді. Ішім жайсыз нәрсені сезсе де, сенгім келмей тұрды. Әкем дәл Әсел тұратын подьездің жанына келіп тоқтады. 15 минуттан кейін сыланып таранған құрбым шықты. Әкемнің машинасына отырып, ернінен сүйді. Осы кезде мен бәрін түсіндім. Шопыр ағаның көзіңше жылай бердім, өз-өзіме ие бола алмай қалдым», - дейді көкшетаулық бойжеткен.

Үйге келген бойда Айжұлдыз бәрін анасына айтып берген. Өзінің қызымен жасты адаммен көңіл қосқаны үшін әкесін кешіре алмаған. Әселмен арада жанжал болып, құрбылар араласуды доғарыпты. Осы жағдайдан кейін жас қыздың ата-анасы ажырасып тыныпты.

«Әкемді кешіре алмаймын. Екеуінің махаббаты Әсел біздің үйге келіп жүрген кезден басталыпты. Құрбымның да есі жоқ. Қазір екеуі әлі бірге екен. Ата-анасына бәрін айтып бергім-ақ келеді. Бірақ одан ештеңе шықпайды. Анам әкемді үйден қуып шықты. Ресми түрде ажырасуға арыз жазып қойды. Осылайша жақын деп санап жүрген адамым, отбасымды ойран етті», - дейді Айжұлдыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1781872-kksetaulyk-aru-krbysyny-kesimen-kil-kosyp-otbasyn-ojran-etken/

pixel