Алматыда Сейфуллин даңғылындағы түнгі көбелектер ұсталды (фото)
Опубликовано:
Алматыда құқық қорғау қызметкерлері Сейфуллин даңғылын тексеру барысында заң бұзушылық фактілерін анықтады. Олар Түркісіб ауданындағы қонақ үйлердің бірінен "жезөкшелер тобырын" ұстады деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қала көшелерін тексеру барысында құқық қорғау қызметкерлері Сейфуллин даңғылы бойындағы қонақ үйлер, барлар және басқа да ойын-сауық орындарында жедел рейд жұмыстарын жүргізіп, жезөкшелер тобырын құрықтады.

Айта кету керек, жеңіл жүріспен айналысатын қыздардың саны бұрынғымен салыстырғанда азайған.
Анықталған "тобырдың" біріншісі теміржол вокзалының жанында орналасқан қонақ үйде, ал қалған үшеуі пәтерлерде "қызмет еткен".

Ондағы адамдардың барлығы, соның ішінде "клиенттер", полиция департаментіне жеткізіліп, қылмыстық тізім арқылы тексерілді.

Олардың ішіндегі үшеуі іздеуде жүрген қылмыскерлер болып шықты", - деді Түркісіб ауданы полиция басқармасының басшысы Думан Аухадиев.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1781902-almatyda-sejfullin-dagylyndagy-tngi-kbelekter-staldy-foto/