Маңғыстау облысында көлік жүргізушісі ғажайыптың күшімен аман қалды (видео)
Опубликовано:
Маңғыстау облысының Ақтау маңындағы "Раббым-Құрылыс" тас карьерінде жүк көлігі аударылды деп хабарлайды lada.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға төртінші наурыз күні болған. Абырой болғанда көлік жүргізушісі аман қалған.
1983 жылы туылған Нұрлан Дурдиев жүк көліктегі тасты түсіру барысында көлік басқаруына ие бола алмай, жүк көлігі төмен сырғып, аударылған.
"Аталмыш факті бойынша әкімшілік тәртіп бұзушылық кодексінің 610 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деп мәлімдеді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1782098-magystau-oblysynda-klik-zrgizusisi-gazajypty-ksimen-aman-kaldy-video/