Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда осыдан екі апта бұрын жоғалып кеткен жеткіншек аман-есен табылды

Опубликовано:

Оралда осыдан екі апта бұрын жоғалып кеткен жасөспірім 8 наурыз күні үйіне оралды. 16 жастағы Михаил Марченконы полиция қызметкерлері тапқан деп хабарлайды mgorod.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: mgorod.kz
Фото: mgorod.kz: Twitter

Жас жеткіншектің анасы Елена Марченконың сөзінше, баласы дін аман.   

"Полиция қызметкерлері баламды 8 наурыз күні сағат 18-00 шамасында тапты. Ол Зачаганда өз достарының қасында болған. Мен баламның бұл әрекетке не себепті барғанын түсіне алар емеспін. Бәлкім ол еркіндікті қалады ма, әлде ересек адамдарша өмір сүргісі келді ме, білмеймін.
Бірақ арамызда ұрыс-керіс болған жоқ. Неге мұндай қадамға бардың деп сұрасақ ол жауап беруден бас тартуда. Оның үйден тағы қашып кетпесі үшін оған психологтың көмегі қажет деп ойлаймын. Мен ұлымды іздестіруге атсалысып, өз көмек қолын созған барша жандарға алғыс айтамын. Соны қатар, бұл оқиғада жедел әрекет еткен тәртіп сақшыларына да алғысым шексіз", - деді жасөспірімнің анасы.   

Айта кетейік, Михаил Марченко 24 ақпан күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Жасөспірімнің анасы полицияға хабар беріп, баласының жоғалғаны туралы хабарды әлеуметтік желіге жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1782743-oralda-osydan-eki-apta-bryn-zogalyp-ketken-zetkinsek-aman-esen-tabyldy/

pixel