RU

Алматы облысында асылып өлген 15 жасар оқушының ата-анасы ұстазды кінәлауда

Алматы облысы Талғар ауданында 15 жасар жасөспірімнің қазасына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ата-ананың арызынан соң мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.   

Алматы облысында асылып өлген 15 жасар оқушының ата-анасы ұстазды кінәлауда
Көрнекі фото: Sputniknews.kz: UGC

Талғар ауданының Туғанбай ауылындағы мектептің 9 сыныбында білім алған оқушы 27 ақпан күні үйінің ауласындағы сарайда асылып тұрған жерінде табылған еді.

Қаза болған баланың анасы Бақыт Сейсенбинова ұлының өліміне мұғалімді кінәлап отыр. Ұстаз оқушылардың көзінше баласын қорлаған көрінеді.

"Полиция қайтыс болған баланың ата-анасынан арызды қабылдады. Қылмыстық кодекстің 105 бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр. Іс Талғар аудандық полиция бөлімінің өндірісінде. Оқиға Алматы облыстық Полиция департаменті басшысының жеке бақылауына алынды", - деп хабарлады аталмыш ведомствоның баспасөз хатшысы Серік Үпиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1782837-almaty-oblysynda-asylyp-lgen-15-zasar-okusyny-ata-anasy-stazdy-kinlauda/