RU

Денис Тен ісі: Жәбірленуші тарап тағы бірнеше куәгерден жауап алуды талап етті

Бүгін Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты апелляциялық сот отырысы басталды. Оның барысында жәбірленуші тарап алғашқы сот үрдісіне қатыспаған куәгерлерден жауап алуды талап етті деп xабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Денис Тен ісі: Жәбірленуші тарап тағы бірнеше куәгерден жауап алуды талап етті
Фото/архив: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Денис Тен тарапының қорғаушылары сот үрдісі кезінде жауап алынбаған куәгерлерді іске тарту керектігін жеткізді.

Оған қоса, алғашқы сотта сұралған бірқатар куәгерден тағы да жауап алуды талап етті.

Жәбірленуші тарап әлі де бұл өлімді "тапсырыспен жасалды" деп санайды. Олар бұл істен бөлек, Қылмыстық кодекстің 44 бабы бойынша бөлек қылмыстық іс қозғалуын қалайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1783278-denis-ten-isi-zbirlenusi-tarap-tagy-birnese-kugerden-zauap-aludy-talap-etti/