Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Амал мерекесі: Қазақстанда «көрісу» күні басталып кетті

Опубликовано:

Бүгін Қазақстанның батыс өңірі «көрісу» күнін тойлауда. Көрісу күні немесе Амал мерекесі – атадан мұра болып қалған, көнеден келе жатқан дәстүр. Бұл күні батыс халқы туған-туыс, құдайы көршімен көрісіп, бір-бірін жаңа жылдың басталуымен құттықтайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда «көрісу» күні басталып кетті
Фото: Sputnik / Владимир Вяткин: UGC

Наурыз - күллі қазақ халқы көптен күтетін мереке. Қазақта жыл басы 22-наурыз күні, яғни, күн мен түн теңелген күннен бастау алады.

Дегенмен Қазақстанның өзге өңірлері жыл басын 14 наурыздан бастап тойлайды. Бұл күні адамдар бір-бірінің үйіне барып, қол алысып амандасады.

Әсіресе жасы кішілері ақсақалдар мен ақжаулықты әжелердің үйіне барып, амандасып шығуы керек. Көріскен кезде міндетті түрде "Жасың құтты болсын!", «Бір жасыңмен!» деп айтады. Кемінде үш шаңырақтың босағасын аттаған дұрыс деген сенім бар.

Амал мерекесі: Қазақстанда «көрісу» күні басталып кетті
Фото: Sputnik / Рамиль Ситдиков: UGC

Дәстүрге сай көрісу күні адамдар қыстан аман-есен шығып, бірін-бірі жаңа жылдың басталуымен құттықтайды.

14 наурыз күні жайылған дастархан жиылмайды. Ұлттық тағамдар дайындалып, наурыз көже пісіріледі.

Амал мерекесінде көріскен ер адамдар төс қағыстырып, әйелдер құшақтасып, бір-бірінің бетінен сүйеді.

Айтулы мереке Батыс Қазақстан, Атырау мен Ақтөбе облыстарында кең тараған. Дегенмен, соңғы жылдары көрісу күні Қазақстанның өзге де өңірлерінде тойланып келеді.

Бұл күн - шаттық пен қуаныштың, молшылықтың күні. Өкпе-ренішті ұмытып, қателіктерді кешіретін кез.

Көрісу күнімен бірге әрбір үйдің шаңырағына құт-береке қонады. Сол себепті ашық-жарқын, жайдары көңіл күймен жүрген абзал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1783299-amal-merekesi-kazakstanda-krisu-kni-bastalyp-ketti/

pixel